|
Article on other languages:
|
Қашыр, мул (Mulus) -бие мен әңгінің буданы. Қ. Оңт. Еуропа, Солт. және Оңт. Америка, Африка және Орта Азияда өсіріледі. Қ. есек пен жылқыға қарағанда ұзақ (40 — 60 ж.) өмір сүреді, шаруа-шылыққа 30 — 40 ж. пайда-лануға болады. Қ. күтім талғамайды, инфекц. анемия, пироплазмоз, т.б. есек пен жылқы ауруларына көп шалдықпайды. Қ-дың биесі мен әңгіден ұрпақ болмайды. Жүк Қ-ының шоқтығына дейінгі биікт. 118 — 140 см, ол жұмыс көліктерінің бәрінен де күшті. Жүк артатын Қ-дың салм. 300 — 400, ал жегілетін Қ. 400 — 600 кг-дай тартады. Мініс Қ-ы жүк жылқысының биесі мен хамандан және пуастусс есегінің әңгісінен алынады, биік таулы аймақтарда салт мінуге төзімді. |
This article is from Wikipedia. All text is available under the terms of the GNU Free Documentation License.