|
Article on other languages:
|
Жапония (жапонша: 日本)- Шығыс Азияда орналасқан аралды мемлекет. Азияның Тынық мұхитқа тірелетін жағалауының шығыс жағындағы аралдарда табылады. Батысында Жапон теңізі арқылы ҚХР, Корея және Ресеймен, солтүстігінде - Охотск теңізімен, оңтүстігінде - Шығыс Қытай теңізі арқылы Тайуанмен шектеседі. Ел атауын құрайтын екі иероглифтің мағынасы "күн" және "қайнар, негіз" деген мағынаны білдіргесін, Жапонияны кейде "күн шығыс елі" деп те атайды. Жапондықтар болса, өз елін – Ниппон не Нихон дейді. Елдің туында - күннің көзі бейнеленген, ал ел таңбасында алтын хризантема – күннің символы – бейнеленген. Азия елдері ішінде орта ғасырлардағы жойқын жорықтардан, және одан кейінгі отаршылық тәуелдіктен аман қалған жалғыз екі елдің бірі - Жапония болады. 19 ғ. Жапония өнеркәсібі қауырт өркендей бастады.
ЖағрапиясыЖапон аралдары солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзыннан-ұзақ созылып жатыр. Жапонияның солтүстігінде, әсіресе Хоккайдо аралында, қар қалың түсіп, қысы едәуір суық болады, ал оңтүстігінің, Рюкю аралдарының ауа райы тропиқалық климатқа жақын. Жапония – негізінен жылы әрі күн шуақты ел, алайда оның климаты ежептәуір ылғалды болып келеді. Жапон аралдарының бүкіл ауданының алтындан бес бөлігіне жуығын қалың орманды, жартасты таулар алып жатыр. Ең биік тауы – Фудзи тауы. Ол – сөнген жанартау. Фудзиді жапондар киелі тау деп есептейді. Жапонияда толып жатқан сөнбеген жанартаулар, көптеген шипалы арасандар (ыстық бұлақтар) бар. Мұнда жер сілкіну жиі болып тұрады. Жапония халқы негізінен теңіз жағалауын бойлай созылып жатқан құнарлы жазық алаптарда тұрады. Күріш алқаптарын, жеміс бақтары мен шай плантацияларын жыл сайын ұлғайып өсіп бара жатқан ірі қалалар ығыстырып, егістік жер тарыла түсуде. Жапондардың салттарыЖапондардың тұрмыс-тіршілігінде басқа бір мәдениетке ұқсамайтын өзіндік салты мол сақталған. Жапон үйлерінде жиһаз аз болады, еденіне күріш сабанынан тоқылған төсеніш - татами - төселеді. Жапондықтар аяқ киімдерін босағаға тастап, үйде шұлықпен немесе жалаңаяқ жүреді. Тамақтанатын әрі ұйықтайтын жері – еден. Сондықтан еденді әрқашан айнадай таза ұстайды. Жапон өнері де, әсіресе кескіндеме өнері мен қуыршақ театры өзіндік ерекшеліктерге бай. Жапондар – сәнді гүл шоғын өте шебер жасайтын халық. Олардың дзю-до, каратэ, сумо күресі секілді ұлттық спорт түрлері бүгінде бүкіл дүние жүзіне белгілі. Жапонияда императордың билігі конституция арқылы шектелген: император - тек мемлекеттік символ боп табылады. Жапония Ұлыбритания сияқты – Конституциялық патшалық болады. Жапония қалаларыЖапония халқының бестен төрт бөлігі қалаларда тұрады. Кеме тоқтайтын айлағы мен зауыттары самсаған қалалар жағаны бойлай бір-бірімен иін тіресе созылып жатыр. Қала шетінде суға бөккен көк күріш алқабы жайқалады. Жапонияның ішкерірек аумақтарында, таулы аймақтары мен автомобиль магистральдары бойынан будда ғибадатханаларын, сондай-ақ хауызы мен нақышты тас қондырғылары бар шағын саябақтарды, сұлтан қамалдарын, шаруалардың сабанмен жабылған шошақ төбе ескі үйлерін көруге болады. Жапонияның ең үлкен қалалары:Егеменді елдер: Арабстан • Ауғанстан • Әзірбайжан1 • Әрменстан • Баңладеш • Бахрейн • Бруней • Бутан • Біріккен Араб Әмірліктері • Виетнам • Гүржістан1 • Жапония • Иран • Ирақ • Исраел • Йемен • Куайт • Қазақстан1 • Қамбоджия • Қатар • Қыбыр • Қырғызстан • Қытай • Лаос • Лубнан • Малайзия • Малдивтер • Мианма • Моңғолия • Мысыр3 • Непал • Оңт. Корея • Өзбекстан • Пәкістан • Пилипинес • Ресей1 • Сингапур • Солт. Корея • Сүрия • Таиланд • Тайуан4 • Тәжікстан • Тимор-Лесте2 • Түркия1 • Түрікменстан • Ұман • Ұрдония • Үндінезия2 • Үндістан • Шри-Ланқа Тәуелді және басқа аумақтар үшін Тәуелді аумақтар тізімін және Танылмаған елдер тізімін қараңыз.
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ)
Гаити • Албания • Ангола • Антигуа мен Барбуда • Аргентина • Аустралия • Баңладеш • Барбадос • Бахрейн • Белиз • Бенин • Біріккен Араб Әмірліктері • Боливия • Ботсуана • Бразилия • Бруней • Буркина-Фасо • Бурунди • Венесуела • Виетнам • Габон • Гайана • Гамбия • Гана • Гуинея-Биссау • Гуинея • Гренада • Гүржістан • Гуатемала • Джибути • Доминика • Доминикан Республикасы • Екуадор • Әрменстан • Еуропа Одағы1 • Жаңа Зеландия • Жапония • Жамайка • Замбия • Зимбабуе •Исландия • Исраел • Швейцария • Камбоджия • Камерун • Қатар • Канада • Кения • Колумбия • Конго Демократиялық Республикасы • Конго Республикасы • Коста-Рика • Кот-д-Ивуар • Куба • Кувейт • Құрама Штаттар • Қырғызстан • Қытай • Лесото • Лихтенштейн • Мағрибия • Мадагаскар • Макао • Македония • Малайзия • Малауи • Мали • Малдивтер • Маурики • Мауритания • Мексика • Мианма • Мозамбик • Молдова • Моңғолия • Мысыр • Нигерия • Намибия • Непал • Нигер • Никарагуа • Норвегия • Оман • Гондурас • Оңтүстік Африка • Оңтүстік Корея • Орталық Африка Республикасы • Панама • Папуа Жаңа Гвинея • Парагуай • Пәкістан • Перу • Пилипинес • Руанда • Салуадор • Сауд Арабиясы • Сент Винсент және Гренадиндер • Сент Киттс және Невис • Сент Лусия • Сенегал • Сиерра-Леоне • Сингапур • Суазиланд • Сүлеймен Аралдары • Суринам • Таиланд • Тайуан • Танзания • Ташад • Того • Тринидад пен Тобаго • Тунисия • Түркия • Уганда • Үндінезия • Үндістан • Уругуай • Иордан • Фиджи • Хорватия • Чили • Шәңғаң • Шри-Ланка •
1 Еуропа Одағының барлық жиырма жеті мүше елі БСҰ-ға өз алдына мүше болып енген:
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
This article is from Wikipedia. All text is available under the terms of the GNU Free Documentation License.